Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде 16 орын жоғарылады

Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде 16 орын жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFА) әйелдер құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы өз орнын айтарлықтай жақсартып, 16 орынға көтеріліп, қазір әлемдік рейтингте 97-ші орында тұр.

Тізімдегі алғашқы үш команда - Испания, АҚШ және Англия.

Еске сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында наурыз және сәуір айларында үш ойын өткізді: 3 наурызда Бегайым Қырғызбаеваның командасы Арменияны (3-0) жеңді, 7 наурызда Беларусьтен (0-1) жеңілді және 18 сәуірде сол Беларусьтен(1-0) есе қайтарды.


«Ертіс» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

ҚПЛ: Алтыншы турға жиналған көрермен саны анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или