«Ертіс» футбол клубының жаңа директоры белгілі болды

«Ертіс» футбол клубының жаңа директоры белгілі болды

Павлодар қаласының «Ертіс» футбол клубының директоры қызметіне Ергабулов Даур Қуатұлы тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өңірдің спорт саласында еңбек еткен, басқарушылық тәжірибесі қалыптасқан маман. Әр жылдары «Астана» мұз сарайы директорының орынбасары, жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі қызметін атқарып, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы, Павлодар облысының дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Бүгін Даур Қуатұлы футбол клубының ойыншыларына, жаттықтырушылар құрамына және ұжымына таныстырылды. Ол көрсетілген сенім үшін өңір басшылығына алғыс білдіріп, павлодарлық футболдың игілігі жолында нәтижелі жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

«Ертіс» – «Жетісу» матчы 1:2 есебімен аяқталды

УЕФА Қазақстандағы екі стадионға тексеріс жүргізеді

ҚПЛ: Алтыншы турға жиналған көрермен саны анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или