«Ертіс» – «Жетісу» матчы 1:2 есебімен аяқталды

«Ертіс» – «Жетісу» матчы  1:2 есебімен аяқталды

Павлодарда өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турындағы тартысты матч соңғы минуттарда шешілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жетісу» қосымша уақыттағы голдың арқасында «Ертісті» 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Басты оқиғалар ойынның алғашқы минуттарында-ақ басталды. 6-минутта қонақтар сапынан Адам Адахаджиев алыстан дәл соғумен есеп ашты. Бұдан кейін «Ертіс» белсенділік танытып, допқа көбірек иелік етті, ал «Жетісу» жылдам қарсы шабуылдарға сүйенді.

Екінші таймда павлодарлықтар таразы басын теңестірді. Қонақтардың айып алаңындағы қолмен ойнағаны үшін пенальти белгіленіп, Павел Седько оны сәтті орындады. 

Айта кетелік, ойын тең нәтижеге жақындағандай болғанымен, негізгі уақыттан кейінгі 96-минутта бұрыштамадан кейін Марко Зиванович жеңіс голын соғып, «Жетісуға» маңызды үш ұпай сыйлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или