ҚПЛ: наурыз айының үздіктері анықталды

ҚПЛ: наурыз айының үздіктері анықталды

Қазақстан Премьер-лигасының наурыз айындағы үздік бапкері мен үздік ойыншысы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының хабарлауынша, үздік бапкер атағы алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге бұйырды. Алматылықтар өткен айдағы үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең тарқасқан болатын.

Ал семейлік «Елімай» шабуылшысы Роман Мұртазаев үздік ойыншы деп танылды. Қазақстандық шабуылшы наурыз айында екі гол соғып, бір голдық пас берген.

Айта кетейік, үздік ойыншы мен үздік бапкерді ҚПЛ клубтарының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы таңдайды.

Көкшетауда жаңа стадион құрылысы басталады

Ресми: «Тобыл» бас бапкерін қызметтен босатты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или