«Окжетпеске» жаңа арена салынады

«Окжетпеске» жаңа арена салынады

Көкшетау қаласының әкімі Ануар Күмпекеев жаңа футбол стадионының құрылысы басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, құрылыс орнына капсула салу рәсімі 29 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Сол күні екі капсула қойылып, заманауи стадионның құрылысы ресми түрде басталады.

Жаңа арена 10 мың орынға есептелген және мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа Көкшетауда жаңа стадион салуды тапсырған. Кейін өңір басшысы «Окжетпеске» арналған, УЕФА талаптарына сай жаңа аренаның құрылысы 2026 жылы басталатынын айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или