ҚПЛ клубтарының инвесторлары төрешілікке наразы

ҚПЛ клубтарының инвесторлары төрешілікке наразы

Журналист әрі инсайдер Эльдар Аманбаев Қазақстандағы футбол клубтарының инвесторлары төрешілік деңгейіне көңілі толмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бизнес өкілдері чемпионаттағы төрешілік сапасына байланысты алаңдаушылық білдіріп, ҚФФ президентінің атына ресми хат дайындап жатыр. Құжатта арбитраж жұмысын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар болуы мүмкін.

Бұл бастама чемпионаттағы шешімдердің әділдігі мен сапасына қатысты сұрақтардың жиілегенін көрсетеді.

Еске салайық, өткен жылдың 8 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі футбол клубтарын жекешелендіру процесін бастау туралы тапсырма берген еді. Бұл қадам спорттың бюджетке тәуелділігін азайтуға бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или