Ресми: Оразов пен Тұрсағұлов маусым соңында «Қайраттан» кетеді

Ресми: Оразов пен Тұрсағұлов маусым соңында «Қайраттан» кетеді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов маусым соңында «Қайрат» клубынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың спорт директоры Густаво Парадеда Vesti.kz-ке берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша команда көшбасшыларымен жүргізілген келіссөздер сәтсіз болған, екі ойыншының да мансабын басқа клубтарда жалғастыруға шешім қабылдағанын айтты.

«Біз ойыншылармен, оның ішінде клуб басшылығының қатысуымен келіссөздер өткіздік. Тараптардың позицияларын талқыладық. Бұл ойыншылар «Қайратта» көп жылдар бойы доп теуіп, команданың маңызды бөлігіне айналған футзалшылар. Дәурен Тұрсағұлов жағдайында негізгі факторлардың бірі — оның отбасысы мен жақындарына жақын болу ниеті. Бұл жеке шешім, біз оны түсінеміз және құрметтейміз.

Біржан Оразов бойынша да келіссөздер жүргізілді. Ол жоғары деңгейдегі ойыншы, көшбасшы, клубқа көп үлес қосты. Белгілі бір сәтте ол да алға жылжуды жөн көрді. Клуб өз тарапынан барлық мүмкіндікті қарастырып көрді, бірақ біз ойыншылардың шешімін құрметтейміз. Қазіргі таңда олар әлі де клуб мүшелері және маусым соңына дейін команданың мақсаттарына толықтай назар аударып отыр».

Ұлттық құрама көшбасшылары «Семей» клубына ауысады

«Қайрат» өз алаңында «Атыраумен» тең тарқасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или