«Қайрат» «Атырау» арасындағы екінші матчта екі гол соғылды
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 40-туры аясындағы ойында Алматының «Қайрат» командасы өз алаңында «Атырауды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші тайм голсыз аяқталды. Екінші таймда қонақтар сапында Қайыржанов бірінші болып көзге түсті. Атыраулықтар жеңісті есепті сақтап қалғысы келгенімен ойынның аяқталуына бір минут қалған алматылық ұжымның ойыншысы Кайо Руиз есепті теңестірді. Осылайша қос команда арасындағы тартысты ойын тең есеппен аяқталды.
Айта кетейік, екі ұжым арасындағы кешегі ойында тоғыз гол соғылған еді. Бір гол айырмасымен алаң иелері жеңіске жеткен болатын.
39-тур. «Қайрат» – «Атырау» – 5:4 (2:2)
Голдар: Кайо Руиз 17, 37, Угу Невеш 19, Атирсон 29, 40 – Джоната Николау 7, 31, Алиссон Тайлан 16, Батырханов 22
Қызыл қаған: Оразов 15 – Есениязов 15.
40-тур. «Қайрат» – «Атырау» – 1:1 (0:0)
Голдар: Кайо Руиз 39 – Қайыржанов 30.