Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия жағажай ойындарының күміс жүлдегері атанды

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия жағажай ойындарының күміс жүлдегері атанды

​Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдағы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бас жүлде үшін тартысты матчта қазақ ватерполшылары Қытай командасымен кездесіп, 1-3 есебімен жол берді. Осыған дейін біздің команда Гонконг және Таиланд командасын айқын басымдықпен жеңген.

​Осылайша, Қазақстан қоржынындағы медаль саны бесеуге жетті:
Алтын: Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу);
Күміс: Су добынан әйелдер құрамасы;
Қола: Батыр Теңізбай, Әлинұр Қуатұлы және Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу).

Айта кетейік, бұл кешенді жарыс биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или