Жағажай волейболы: Сергей Богату мен Кирилл Гурин Санья қаласындағы Азиадада екінші матчта жеңіске жетті

Жағажай волейболы: Сергей Богату мен Кирилл Гурин Санья қаласындағы Азиадада екінші матчта жеңіске жетті

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан жарыстар жалғасуда.

Қазақстандық жұп Сергей Богату мен Кирилл Гурин бір күнде екінші кездесуін өткізді. Олар Шри-Ланка өкілдері Тушар Витаранаге мен Додангодаже Гарди Хевавасаманы 2:0 есебімен (21:19, 21:15) жеңді. Еске сала кетейік, бұған дейін Богату мен Гурин Лаос құрамасын да тізе бүктірген еді.

Сондай-ақ, жағажайдағы Азия ойындарын сәтті бастаған тағы бір қазақстандық жұп - Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова. Олар Моңғолия спортшылары Оюнтуя Мунхбаяр мен Хандсурен Гантогтохты 2:0 есебімен (21:7, 21:8) ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или