Ермұхамед Мәулен: ҚФФ мені сотқа беріпті

Ермұхамед Мәулен: ҚФФ мені сотқа беріпті

«Ордабасы» президентінің кеңесшісі қызметінен кеткен спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзіне қатысты сот ісі болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір әр сөзіңді сүзгіден өткізіп айтпасаң, басың бәлеге қалады. Мені сол үшін де полиция басқармасына шақырды, ҚФФ сыртымнан шағым түсіріп, сотқа берген екен. Оны жасаған адамның есімін айтпай-ақ қояйын. Қазір ол ҚФФ-да қызмет етпейді.

Дәл қазіргі сәтте филологиялық талдау жұмыстары жүріп жатыр. Соның сараптамалық қорытындысын күтіп отырмыз. Мен өзім де тергеушімен кездесіп, оның қойған сауалдарына жауап бердім. Оған басымды кесіп алсаңыздар да, осы пікірімде қалатынымды жеткіздім. Олар да мені түсініп, «қатты заң бұзбағансыз» деп отыр. Егер біреудің шамына тиіп кететіндей жағдай туындатсам, кешірім сұрауға дайынмын», – деді Мәулен Бірінші бол ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Ермұхамед Мәулен қаңтар айынан бастап «Ордабасы» клубында қызмет етті. Бірақ келісімшартының аяқталуына бір ай қалғанда (31 мамырға дейін жарамды болған) клубтан кетті.


Ресми: «Тобыл» бас бапкерін қызметтен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады

«Ертіс» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или