Елена Рыбакина Мадрид турнирін екінші айналымнан бастайды

Елена Рыбакина Мадрид турнирін екінші айналымнан бастайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Испанияның Мадрид қаласында өтетін турнирдегі алғашқы қарсыластары туралы білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы айналымды өткізіп, жарысты екінші кезеңнен бастайды. Ол онда румыниялық Елена-Габриэла Русе (61-орын) мен хорватиялық Антония Ружич (58-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Мадридтегі турнир 21 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді.

Кеше ғана Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирде Елена жеңіске жеткен болатын. Бұл — Рыбакинаның 2026 жылдағы екінші титулы. Ал бірінші трофейін қаңтар айында Australian Open турнирінде топ жарып еншілеген еді.

Елена Рыбакина Штутгартта чемпион атанды

Рыбакина Штутгарттағы ауыр матчтан кейін ұйықтап қалпына келетінін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или