Қазақстандық теннисші Рим турниріне дайындалып жатыр

Қазақстандық теннисші Рим турниріне дайындалып жатыр

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турниріне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисшінің сөзінше, соңғы уақытта аллергияға байланысты қиындықтар болған. Қазір жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Рыбакина командасымен бірге жаттығу жоспарын күн сайын өзгертіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, кей күндері өзін жақсы сезінсе, кейде жағдай қиындап кетеді. Сондай-ақ жаңбырлы күндер өзіне қолайлы екенін атап өтті.

Теннисші физикалық дайындықты көбірек жоспарлағандарын, бірақ жалпы дайындық жаман өтпегенін жеткізді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Рим турниріндегі жарысын екінші айналымнан бастайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или