Григорий Ломакин Пәкістандағы жарысты сәтті бастады

Григорий Ломакин Пәкістандағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (әлемде 945-ші орында) Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңдегі кездесуінде Ломакин ресейлік Андрей Куницынмен (ATP рейтингінде 1664-ші орында) кездесті. Ломакин 7-6 (7-5), 6-2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші келесі кезеңде француз Карл Холдер мен ресейлік Владислав Тарасевич арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кету керек, Исламабадтағы турнир ITF M15 санатына жатады. Доданың жалпы жүлде қоры 15 000 АҚШ долларын құрайды.


Рим турнирі: Бубликтің ықтимал қарсыластары анықталды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или