Қазақстандық теннисші Пәкістандағы турнирде сәтті өнер көрсетті
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Пәкістанның Исламабад қаласында өткен ITF M15 турнирінің жұптық сынында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда ATP әлемдік рейтингінде 945орында тұрған Ломакин пәкістандық Музаммил Муртазамен бірге мароккалық Яссин Смие мен ресейлік Владислав Тарасевичті 6-4, 3-6, 10-8 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық-пәкістандық дуэт турнирдің ширек финалына шықты, онда олар франциялық Карл Холдер мен неміс Стеван Поповичпен кездеседі.
Исламабадтағы турнирдің жүлде қоры 15 000 доллар.
Рим турнирі: Бубликтің ықтимал қарсыластары анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или