Александр Бублик Галледегі ATP 500 турниріне қатысады

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турниріне қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Галле қаласында өтетін ATP 500 турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германиядағы жарыс 15-21 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық теннисші бұл турнирде өткен маусымда сәтті өнер көрсетіп, чемпион атанған еді.

Өткен жылғы финалда Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Қазірдің өзінде Галледегі шөп төсенішіндегі турнирге Даниил Медведев, Андрей Рублёв, Александр Зверев, Бен Шелтон, Тэйлор Фриц, Феликс Оже-Альяссим, Флавио Коболли, Фрэнсис Тиафо, Жоао Фонсека және Ник Кириос қатысатыны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или