«Авангард» ЦСКА-ны ығыстырып, Гагарин кубогінің жартылай финалына шықты
Омск қаласында өткен КХЛ Гагарин кубогі ширек финалының бесінші матчында жергілікті «Авангард» Мәскеудің «ЦСКА» клубын 2:1 есебімен жеңіп, серияны 4–1 нәтижесімен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жеңіс омскілік клубқа турнирдің жартылай финалына жол ашты.
Кездесу өте тартысты өтті, алайда шешуші сәттерде «Авангард» ойыншылары шешуші әрекет етіп, өз мүмкіндіктерін пайдаланды. Ал «ЦСКА» соңына дейін қарсылық көрсеткенімен, есепті теңестіре алмады.
Айта кетелік, армейлік клубты усть-каменогорскілік хоккей мектебінің түлегі Игорь Никитин жаттықтырса, «Авангард» сапында бұрынғы «Барыс» шабуылшысы Майкл Маклауд өнер көрсетіп келеді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы жарияланды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или