Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Пучсерда қаласында (Испания) хоккейден IB дивизионы аясында әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды.
Қaзақстан әйелдер құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Латвияға қарсы өткізді.
Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қарсылас команда басым түсті.
Қазақстан – Латвия 2:3 (буллит бойынша)
(1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)
1:0 – 06:25 – Зубкова (Куценко, Мескини)
1:1 – 50:05 – Силияне (Рулле)
2:1 – 52:54 – Шегай (Молдабай, Оразбаева) – артық құрамдағы гол
2:2 – 53:53 – Таубе (Рулле)
2:3 – 65:00 – Рулле (буллит)
Келесі ойынын Қазақстан құрамасы Нидерландқа қарсы өткізеді. Матч 13 сәуірге жоспарланған
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или