Азия чемпионатының алғашқы күні сәтсіз өтті
Қазақстан дзюдо құрамасы Ордоста өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командадан үш спортшы финалдық блокқа дейін жеткенімен, ешқайсысы жүлде ала алмады. Олар қола медаль үшін белдескен еді.
60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан өнер көрсетті. Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берсе, Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді.
Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйге қарсы белдесіп, жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или