Қазақстан мен Жапония бокс федерациялары тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Жапония бокс федерациялары тәжірибе алмасты

Қазақстан бокс федерациясының мамандары Жапонияға іс-сапармен барды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл жөнінде федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл сапардың бірқатар мақсаты бар: Қазақстан және Жапония бокс федерациялары арасындағы серіктестік қалыптастыру және өзара тәжірибе алмасу.

Сонымен қатар, мамандар биыл өтетін Азия ойындарының нысандарын аралап, кешенді жарыс қатысушыларына арналған қонақ үй, жарыс аренасы және тағы басқа мәселелермен танысады.

Естеріңізге сала кетсек, 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында ХХ Жазғы Азия Ойындары өтеді, бокс бәсекесі Айчида префектурасы, Нишио елді мекенінде ұйымдастырылады.

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Азия чемпионатын қорытындылады

Қазақстан Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Төрехан Сабырхан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или