Төрехан Сабырхан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Төрехан Сабырхан жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Азия чемпионаты аяқталған соң әлеужеліде жазба жариялап, өнеріне баға берді, деп һабарлайды Prosports.kz.

Төреһан Сабырхан бұл жеңілістің бауырлар үшін сабақ болғанын жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, мені әрдайым қолдап жүретін Қазақстан халқы! Бұл менің ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатым болды. Бұйырғаны күміс медаль болды. Осы жарыста барымды салдым, өзімді аяған жоқпын. Бұл мен үшін, бауырым үшін де сабақ болды. Еңбек етуді жалғастырамыз. Сабырхан бауырларын ешкім сындыра алмайды. Қолдауларыңызға рахмет!» деп жазды ол.

Айта кетелік, Ұлан-Батор қаласында өткен құрлық біріншілігін ағайынды Сабырхандар алтынсыз аяқтады. Махмуд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге ие болса, Төрехан 70 келіде финалда есе жіберіп, күміспен шектелді. Бұл оның ересектер арасындағы бірінші жеңілісі боп тіркелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или