Нұржан Насанов: Жігіттерге демалыс беремін

Нұржан Насанов: Жігіттерге демалыс беремін

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын сегіз медальмен аяқтады. Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды. Күміс медаль Төрехан Сабырханға (70 келіге дейін) бұйырды. Ал Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Жарыстан кейін команда қысқа мерзімді демалыс алып, кейін толыққанды дайындыққа кіріседі.

«Қазір жігіттерге демалыс беремін. Олар отбасымен уақыт өткізіп, сергіп алсын. Кейін жаңа серпінмен жаттығу процесіне оралады. Азия ойындарына дейін олар бабында болу қажет. Сондай-ақ кейбір салмақ дәрежелерінде өзгерістер болуы мүмкін: біреулер жоғарылайды, енді біреулер төмендейді. Бірақ бұл толық талдаудан кейін шешілетін мәселе.

Әзірге жігіттер демалып, күш жинасын. Одан кейін бәріміз бірге негізгі тұстарды саралап, жан-жақты талдап, жаттығу жүйесіне қажетті түзетулер енгіземіз.

Құрама сапы нәтижеге және ішкі бәсекеге қарай анықталады. Ішкі бәсекені де ескерусіз қалдырмаймыз. Қай боксшы іріктеу кезінде бабында болса, сол жарысқа баруға мүмкіндік алады. Бапкерлер штабы әр спортшының жағдайын мұқият бақылап отырады», - деп түйіндеді Нұржан Насанов.

Қазақстан Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Нұржан Насанов Азия чемпионатындағы шәкірттерінің өнеріне баға берді

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Азия чемпионатын қорытындылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или