Тайсон Фьюри Лондонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Тайсон Фьюри Лондонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Суперауыр салмақтағы экс-чемпион Тайсон Фьюри (35-2-1, 24 KO) Лондонда өткен бокс кешінде ресейлік Арсланбек Махмудовты (21-3, 19 KO) жеңіп шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-Тайсон Фьюри Лондонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Бұл жекпе-жекте «Сыған патшасы» төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті – 120:108, 120:108, 119:109.

37 жастағы британдық боксшы 498 соққы жасап, соның 199-ы дәл тиді. Ол 225 джеб лақтырса (73-і дәл тиді), сондай-ақ 273 күшті соққының 126-сы нысанаға дөп тиді.

Ал 36 жастағы Махмудов 280 соққы жасап, тек 59-ы дәл болды, 69 джебтің 13-і ғана дәл, сондай-ақ 211 күшті соққыдан 46-сы ғана нысанаға тиді.

Тайсон үшін бұл рингке қайта оралғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. 2025 жылдың қаңтарында Фьюри украиналық боксшы Александр Усиктен қатарынан екі рет жеңіліп, мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или