Америкалық менеджер: Головкинің Ресейді ұйымға тартуға тырыспауы саяси жайт
Қазақстандық аңыз боксшы, қазіргі World Boxing президенті Геннадий Головкин ұстанымы бокс қауымдастығында түрлі пікір туғызды, деп һабарлайды Prosports.kz.
АҚШ-та тұратын менеджер Ибрагим Хараев Головкиннің ресейлік боксты ұйымға тартуға тырыспайтынына қатысты нақты жауап бере алмады. Оның айтуынша, бұл жерде саяси факторлардың ықпалы болуы мүмкін, алайда нақты себептер белгісіз екенін жеткізді.
«Мен тіпті ол мұны істеуі керек пе, жоқ па білмеймін. Мүмкін, бұл саяси жағдайға байланысты шығар» деді ол.
Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалды. Бұл ұйым 2023 жылы International Boxing Association Халықаралық Олимпиада комитетінің мойындауынан айырылғаннан кейін құрылған. Қазіргі таңда екі ұйым қатар жұмыс істеп, ұлттық федерациялар екі жаққа да мүше бола алады.
Айта кетелік, сонымен қатар, 2024 жылдың ақпан айынан бастап Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президенті қызметін де атқарып келеді.