Қазақстандық боксшы Чехияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (17-2, 8 нокаут) 18 сәуірде Чехияның Прага қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшының қарсыласы бұрынғы Словакия чемпионы Лукас Пасторек (4-3, 4 нокаут) болады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.
Дәукенов кейінгі рет 2025 жылдың 17 қазанында Алматыда өткен жекпе-жекте ирандық Хашайар Гассемиді (17-8, 16 нокаут) бірінші раундта нокаутпен жеңді. Ол WBA Asia (Шығыс Азия), WBC CISBB (күміс), WBL Intercontinental және CUBP Чехия титулдарының иегері.
Пасторек 7 наурызда Чехияның Брно қаласында Милош Беранектен (17-4-1, 8 нокаут) жеңіліп қалған болатын.
Әйелдер құрамасының бас бапкері Азия чемпионатын қорытындылады
Қазақстан Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады
Мемлекет басшысы боксшыларды құттықтады