Елдос Сайдалин: Ендігі межеміз - Азия ойындары

Елдос Сайдалин: Ендігі межеміз - Азия ойындары

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатындағы жүлделері бойынша өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 Азия чемпионатында еншімізге екі алтын бұйырды. Бұл көрсеткішке көңілім толып отыр. Әрине, қателіктерге жол берілді. Ең бастысы, бұл алдағы жарыстарға сынақ, жаттығу, тәжірибе ретінде ерекшеленді. Алдағы уақытта жіберген қателіктермен оқу-жаттығу жиындарында жұмыс жасайтын боламыз. Оны барлық бапкермен талқылап, қателікке жол бермеуге күш саламыз. Ендігі межеміз - Азия ойындары. Ұлттық құрама сапындағы қыздар әлемнің әр жерінде өтіп жатқан көптеген турнирде бақ сынап жатыр. Алда тағы да оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Сол арқылы Азия ойындарында кімдердің қатысатыны іріктеледі, - деді Е.Сайдалин.

Айта кетейік, құрлықтық додада Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Азия чемпионы атанса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер болды. Сондай-ақ Айгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Валентина Хальзова (70 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан Азия чемпионатында үстемдік құрды

Надежда Рябец Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды

Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или