Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының боксшысы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.
Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ақтық сынға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или