Қазақстан боксшыларына халықаралық жоғары баға берілді
Моңғолияның Улан-Батор қаласында өткен Азия чемпионаты-2026 қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың жеңісі халықаралық деңгейде кеңінен мойындалды, деп һабарлайды Prosports.kz.
Шетелдік 024 Boxing порталы Нұрбек пен Айбек Оралбайдың финалдағы өнерін жоғары бағалап, олардың жекпе-жектерін турнирдің ең жарқын сәттерінің бірі ретінде атады.
Әсіресе, Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жасурбек Юлдошев қарсы финалда сенімді жеңіске жетіп, жанкүйерлерді тәнті етті. Ал оның егізі Айбек Оралбай аса ауыр салмақта қытайлық Данабек Байқоныс үстінен басым түсіп, Азия чемпионы атағын сәтті қорғады.
Айта кетелік, бұл жарыс World Boxing ұйымының аясында өткен алғашқы ересектер арасындағы құрлық чемпионаты болды. Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есепте 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.