Арман Царукян әлеуметтік желіде түсініксіз жазба жариялады
UFC ұйымының ресейлік файтері Арман Царукян әлеуметтік желіде түсініксіз жазба жариялап, жанкүйерлердің назарын аударды, деп һабарлайды Prosports.kz.
Ол белгілі бір нәрсені меңзеп жазба жариялады. Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.
«Мен айтқандай болады немесе әңгіме бітті» деп жазып, бұл сөзді кімге бағыттағанын нақтыламады.
Бұған дейін Царукян Ultimate Fighting Championship басшылығына бірнеше рет наразылық білдіріп, жеңіл салмақта чемпиондық жекпе-жек ала алмай жүргенін айтқан болатын. Оның айтуынша, бұған оның мінез-құлқына қатысты мәселелер әсер етуі мүмкін.
Айта кетелік, Арман Царукян ММА-да 26 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде жеңіске жеткен. Ол UFC жеңіл дивизионы рейтингінде екінші орында тұр.
Топурия Махачевпен жекпе-жекке қызығушылық танытты