Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионатына дайындығы туралы пікір білдірді
Қазақстан дзюдо құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтетін Азия чемпионатына бағытталған шешуші дайындық кезеңінен өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құраманың жас балуаны Әділет Алмат Olympic.kz сайтына берген сұхбатында қазіргі дайындық барысы жайлы айтып берді.
«Бұл - Гран-при жарысынан кейін ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатым. Бұл әрине, үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан дайындық барысында бар күш-жігерімді жұмсап, жарыста бабымда болуға тырысамын.
Қазір турнирге дейін уақыт аз қалғандықтан, негізгі назарды әдіс-тәсілдерді пысықтауға аударып отырмыз. Артық күш жұмсамай, салмақты қалыпқа келтіріп, соған сай дайындық жүргізудеміз.
Бұған дейін жаттығу кезінде кішігірім жарақаттар болған еді. Дегенмен ауыр жарақат жоқ. Қазіргі таңда соларды ушықтырып алмауға көңіл бөліп, сақтықпен дайындалып жатырмыз. Жалпы, жағдайым жақсы», - деді балуан.
Еске сала кетейік, Әділет Алмат Линцте (Австрия) өткен Гран-приде 81 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдегер атанған еді.
Азия чемпионатына баратын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі
Қазақстан құрамасы Грузиядағы «Үлкен дулыға» турнирін аяқтады