Батуттағы гимнастика: Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Батуттағы гимнастика: Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

5-9 қараша күндері аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан 38-ші әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 елден 823 спортшы сынға түсетін бәсекеде Қазақстан атынан Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков, Виктория Бутолина, Данил Мусабаев жүлдеге таласады.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары 2025 жылғы әлем кубоктарында бірнеше жүлде алып та үлгерді.

Алдымен сәуір айында Риччоне (Италия) қаласында ұйымдастырылған әлем кубогының кезеңінде Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов жұбы қола медаль жеңіп алды.

Қыркүйек айында Котбус қаласында (Германия) өткен әлем кубогы кезеңінде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден чемпион атанды.

Қыркүйек айының соңында Варнада (Болгария) өткен әлем кубогы кезеңінде аралас синхронды секіру сайысында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов қола жүлдегер атанған еді.

2025 жылы аралас синхронды секіру бағдарламасы алеаш рет әлем кубогының кезеңіне енгізілді. Енді әлем чемпионатында да жүлде үлестіріледі.

Кирилл Герасименко өнер көрсететін команда Германия чемпионатында көш бастады

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты: Қазақстандық қос спортшы финалда күресті

Қазақстандық параспортшы халықаралық рекордтар кітабына енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или