1XBET - ставки на спорт

Асу Алмабаевтың келесі қарсыластары туралы сөз қозғалды

Асу Алмабаевтың келесі қарсыластары туралы сөз қозғалды

Танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорфф Асу Алмабаевтың (22–3) UFC-дегі келесі қарсыластары кім болуы мүмкін екенін айтып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Алмабаев Джошуа Ванмен немесе Брэндон Ройвалмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, бірақ бұл жақын арада болады деп ойламаймын. Ван Алешандре Пантожамен кездеседі, ал Ройвал топ-5-тегі біреумен айқасуы мүмкін. Алмабаев үшін Әмір Әлбази немесе Тацуро Тайрамен болатын жекпе-жектер мағыналы болар еді, — деді инсайдер.

Айта кетейік, 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев перулік Хосе Очоаны (8–2) төрешілердің шешімімен жеңіп, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или