Гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияда өткен Challenge Cup кезеңінде жүлдеге іліне алмады
Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда төртінші нәтижені көрсетті. Финалда Айбота 26,850 ұпай жинады.
Бұл жаттығу түрінде алтын жүлдені Украина өкілі Таисия Онофрийчук жеңіп алды – 29,050 ұпай.
Күміс жүлде америкалық Рин Кизге бұйырды – 28,050 ұпай. Ал қола медальді Израиль гимнасты Мейталь Мааян Сумкин иеленді – 27,650 ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или