Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Румыниядағы World Challenge Cup турниріне қатысады
25-27 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан World Challenge Cup турнирі өтеді.
Бұл турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Жекелей сайыстарда Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.
Ал топтық жаттығуларға қатысатын қазақстандықтардың тізімі төмендегідей:
- Айда Хәкімжанова
- Айзере Кеңес
- Жасмин Жүнісбаева
- Кристина Чепульская
- Айзере Нұрмағамбетова
- Мадина Мырзабай
Айта кетейік, аталған Әлем кубогы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының алдындағы соңғы жарыс болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или