«Жеңіс» өз алаңында «Атырауды» тізе бүктірді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 74 турнирінде басты кард аясында кезекті жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта қырғызстандық Ақтілек Исақбаев (4-1) пен ресейлік Надыр Алиев (7-3) октагонға шықты.
Кездесу ұзаққа созылған жоқ – бірінші раундтың екінші минутында Алиев тұншықтыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта әлі жеңілмеген қазақстандық Нұржігіт Баймен (8-0) тәжікстандық Амирхон Атахоновпен (7-4) күш сынасады. Ал ко-мейн ивентте жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Қожахмет Иманғали (6-0) бразилиялық тәжірибелі файтер Веллингтон Перейрамен (10-8) кездеседі.
Турнирдің ресми серіктесі – Gorilla Energy Drink
Бас серіктес – UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы