Марат Байқамұров дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады

Марат Байқамұров дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзірбайжандық Зелим Коцоевпен белдесті.

Нәтижесінде Зелим Коцоев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, ел қоржынында әзірге бір медаль бар. Жарыстың бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде еншілеген болатын. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или