Өзбекстандық файтер қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 72 турнирінде жеңіл салмақ дәрежесінде басты кардтың қызықты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиялық Лучиано Пальяно (18-4) жергілікті файтер Ахлиддин Мирзодавлатовпен (11-2-1) кездесті.
Жекпе-жек 15-минутқа созылып, өзбекстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Турнирдің басты кездесуінде көптен күткен жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді, онда Өзбекстан чемпионы Достон Бозоров (11-1) тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимовпен (14-5-1) кездеседі.
Негізгі жекпе-жекте танымал өзбекстандық Амирхон «Қоқан арыстаны» Алихуджаев (11-5) бразилиялық Маноэль Дос Сантоспен (12-6) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink