Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жеңісін тіркеді
Мамырдың 10-нан 11-іне қараған түні Канадада UFC 315 нөмірлі турнирі аясында қазақстандық Бекзат Алмахан (11-2) америкалық ұйымдағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы жергілікті файтер Брэд Катона (14-4) болды.
Отандасымыз істі ұзаққа созбай, екінші минутта-ақ канадалықты тұрған жерінде дәл соққысымен нокаутқа жіберіп, жергілікті жанкүйерлерді есеңгіретіп тастады. Катона үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болды, ал Алмахан әлемнің ең мықты промоушеніндегі алғашқы жеңісін тіркеді.
Еске салайық, Алмахан UFC-дегі дебютінде Умар Нурмагомедовтен (18-1) төрешілер шешімімен ұтылып қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или