Абылайхан Жұбаназар Астанадағы Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Есет Қуанов (73 келіге дейін) қола жүлде иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или