Ресми: Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде бақ сынайды

Ресми: Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан ауыр жарақатынан кейін UFC-ге қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонамен кездеседі. Бұл Алмахан үшін UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Қазіргі таңда оның UFC-дегі көрсеткіші  0 жеңіс және 1 жеңіліс, ал жалпы ММА-дегі көрсеткіші — 11 жеңіс және 2 жеңіліс.

Турнирдің басты оқиғасы — жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек болмақ. Бүгін олар көзқарастар айқасын өткізді. Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болатыны анықталады.

UFC 315 турнирі аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін қызықты әрі тартысты болатыны сөзсіз.

Турнир Қазақстан уақыты бойынша 11-мамыр таңғы уақытқа жоспарланған(4.30) және Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или