Қазақстан құрамасы ойыншысының ҚХЛ клубындағы жалақысы белгілі болды

Қорғаушы Валерий Орехов «Металлург» клубымен екі жылдық жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«СЭ» мәліметінше, ойыншының жалақысы келесі маусымда жылына 37 миллион рубльді, ал 2026/27 маусымында 40 миллион рубльді құрайды.
Орехов 2022 жылдан бері «Металлург» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол магнитогорлық команда құрамында 162 матч өткізіп, 46 (14 гол + 32 пас) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или