Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатын 4 қола жүлдемен аяқтады

Дзюдодан Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сары құрлық бәсекесінің соңғы жарыс күнінде аралас командалық сайыстан жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстандық спортшылар қола жүлде үшін белдесуде Оңтүстік Кореямен таласып, 0:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан сапынан жеке сайыста Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлде алып, жарысты қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или