Қазақстандық футболшы Еуропада өз командасының жеңісіне көмектесті

Қазақстандық Владислав Васильев өнер көрсететін Бресттің «Динамосы» футболдан Беларусь чемпионатының алтыншы туры аясында сырт алаңда «Неманға» қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гродно қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен бресттік клубтың пайдасына шешілді.
Жалғыз әрі жеңіс голын матчтың 13-минутында «Тобылдың» бұрыңғы ойыншысы Михаил Гордейчуктың пасымен Егор Корцов соқты.
«Динамоның» қазақстандық жартылай қорғаушысы Владислав Васильев негізгі құрамда ойнап, 90 минут бойы алаңда жүріп, сары қағаз алды.
Осы жеңістің арқасында Бресттің «Динамосы» тоғыз ұпаймен Беларусь чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орынға көтерілді.
Еске салайық, Владислав Васильев Қазақстан құрамасы сапында 12 ойын өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или