Азия чемпионаты: қазақстандық дзюдошылар тағы да алтын медальсіз қалды

Азия чемпионаты: қазақстандық дзюдошылар тағы да алтын медальсіз қалды

Қазақстандық дзюдошылар Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес бірдей қазақстандық спортшы ширек финал сатысында тоқтап, жүлделер үшін күресе алмады.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мәди Амангелді атақты оңтүстіккореялық дзюдошы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және Азияның бірнеше дүркін чемпионы Ли Ён Хванға есе жіберді.

Бақыт Құсайбаева (57 кг дейін) «Үлкен Дулыға» турнирінің жүлдегері, жапондық Мэгуми Фучидадан жеңіліп қалды.

Есет Қуанов (73 кг дейін) өзбекстандық Шахрам Ахадовтан жеңілді.

Эсмигүл Құюлова (63 кг дейін) ширек финалда Тайвань спортшысы Пэй Чун Юаньға жол берді.

Азат Күмісбай (81 кг дейін) де жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или