Қазақстандық теннисші Римдегі жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Римдегі жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 172-орында) Римде (Италия) өтіп жатқан турнирдің жекелей сындағы ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Скатов австриялық Лукас Ноймайермен (191-орын) кездесіп, екі сетте жеңіліп қалды — 3:6, 6:7.

Кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды.

Ноймайер жартылай финалға шығып, литвалық теннисші Вилюс Гаубаспен (149-орын) кездеседі. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или