Әлімханұлы Сауль Альвареспен қашан жекпе-жек өткізе алады? Бапкері жауап берді

Әлімханұлы Сауль Альвареспен қашан жекпе-жек өткізе алады? Бапкері жауап берді

Орта салмақта кәсіпқой бокстан екі негізгі нұсқа бойынша әлем чемпионы атағын қорғаған Жәнібек Әлімханұлын жаттықтыратын америкалық маман Марко Контрерас Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық боксшының Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қалай бағалайтынын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Жәнібекпен жаттығу кестем басқа боксшыларыммен сәйкес келмесе, мен онымен жұмысымды жалғастырамын. Иә, менің ойымша, ол «Канелоға» лайық қарсылас бола алады. Мүмкін, келесі жылы. Егер Жәнібекке бірыңғай чемпиондық жекпе-жек бұйырмаса, салмақ дәрежесін көтеріп, «Канелоға» көзге көрінерлік қарсылас болуға тырысқаны жөн», – деді танымал бапкер.

Астанада IBF және WBO чемпиондық белбеулерін сенімді түрде қорғап шыққаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) екінші орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареске (62-2-2, 39 KO) ашық түрде қарсылас болуға ниетті екенін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или