Армат Арманұлы кезекті жекпе-жегін Таиландта өткізеді

Армат Арманұлы кезекті жекпе-жегін Таиландта өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлының (2-1, 1 KO) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Армат 3 мамыр күні Бангкокта (Таиланд) өтетін бокс кешінің қатысушыларының бірі болады. Оның қарсыласы – үндістандық спортшы Рахул Сингх (10-1, 5 KO). Бұл рейтингтік жекпе-жек орта салмақта өтеді.

Кәсіби бокс кешті Irfin Promotions пен Таиландтық TL Promotion промоутерлік компаниялары бірлесіп өткізеді.

Армат Арманұлының алдыңғы жекпе-жегі де 1 ақпан күні Бангкокта өткен. Ол жекпе-жекте пәкістандық Хабиб Ур Рехманды (6-2, 5 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или