Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

Елордада дәстүрлі шаңғы жарысымен жаңа қысқы спорттық маусым ашылды. Бүгін 700-ден астам адам қалалық парктегі шаңғыроллерлік трассаға жиналды.

Самат Қабдулин, Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгін дәстүрлі шара – шаңғы тебу маусымының ашылуы өтіп жатыр. Біз тілек білдірген жандардың барлығын шақырдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көп адам жиналды. Соның ішінде кәсіпқой спортшылар да, әуесқой шаңғышылар да бар, оқушылар да аз емес. Жарысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да қатысты.

Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, күш құрылымдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, спорт мектебі оқушыларының, кәсіпқойлардың, сондай-ақ, шаңғы әуесқойларының арасында. Бұдан басқа додада 2008 жылы туғандар мен одан кіші балалар да шеберлік байқасты.

Андрей Герасименко, масс-старт жеңімпазы:

- Осындай шаралар қажет. Өйткені, нақ осы шараларда мерекелік атмосфера орнайды. Адамдар шаңғы теуіп үйренеді. Басқа адамдармен қатынасады, шеберлердің өнерін тамашалайды, оларға жетуге тырысады. Мен 2-3 жасымда шаңғы тебе білгем. Балаларым да біледі. Мені спортқа баулыған әкем, соның арқасында мен де шеберлігімді балаларыма үйретуге тырысамын.

Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылды. Енді әр апта сайын демалыс күндері елордалық паркте салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или