Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Чехия жастарын жаттықтырады

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Чехия жастарын жаттықтырады


Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Михал Билек Чехияның U-21 жастар құрамасына жетекшілік ететін болды. 

60 жастағы маманмен 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне келісімшарт жасалды. Егер құрама финалдық кезеңге жолдама алса, келісім ұзартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Билек 2019-2020 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды. Ал 2020 жылы «Астана» клубының да тізгінін ұстаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или