Әлемнің бірінші ракеткасы Германиядағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Германиядағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы белорусьтік теннисші Арина Соболенко Штутгарт қаласында (Германия) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда ол әлемнің алтыншы ракеткасы италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.

Штутгарттағы турнир 14-21 сәуір аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы қазақстандық Елена Рыбакина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или